Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте 58 мыңнан астам контрафактілік тауар тәркіленді
Жаңалықтар

Шымкентте 58 мыңнан астам контрафактілік тауар тәркіленді

19.01.2026
мин
0
162
Сурет: Kazinform

Шымкентте өткен жылы 58 мыңнан астам контрафактілік тауар тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы жылдары Шымкентте контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымы айтарлықтай көбейген. Қалалық әділет департаменті 2025 жылы тауар таңбаларын рұқсатсыз пайдалануға қатысты құқық иелерінен түскен арыздар бойынша тексерулер жүргізіп, нәтижесінде 50 әкімшілік істі тіркеген. Сот шешімдерімен құқықбұзушыларға жалпы сомасы 5,6 млн теңгеден асатын айыппұл салынған.

Бұдан бөлек, өткен жылы заңсыз саудадан құны шамамен 36 млн теңгеге тең 58 мыңнан астам жалған өнім тәркіленді. Анықталған контрафактілік тауарлардың негізгі бөлігі тұрмыстық химия мен азық-түлік өнімдеріне тиесілі. Осыған байланысты уәкілетті орган тұрғындарды күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.

Сонымен қатар, заңнамадағы өзгерістер аясында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында тауар белгісін тіркеу рәсімі жеңілдетілген. Енді жедел ақылы қызмет арқылы тіркеу мерзімі 4 айға дейін қысқарып, тауар белгісіне қатысты шағым беру уақыты 2 айға ұзартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл