Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте алғаш рет пәтер иесі жалға алушының өліміне байланысты жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет пәтер иесі жалға алушының өліміне байланысты жауапқа тартылды

02.05.2025
1 мин
0
141
Сурет: zdravcontrol.ru

Шымкентте пәтерін жалға берген азамат қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Прокуратураның мәліметінше, “А.” есімді тұрғын газбен жабдықтаушы мекемемен келісім жасамай және газ қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, пәтерін жалға берген. Нәтижесінде, пәтерде газ таралып, жалға алушы “Б.” көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмған.

2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін Қылмыстық кодекстің 306-бабы (“Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу”) бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау орнатты.

Қалалық прокуратура бұл жағдайдан кейін пәтерін жалға беруші әрбір азаматтың жалға алушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертті.

- Мұндай немқұрайдылық қайғылы салдарға әкеліп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де себеп болуы мүмкін, – деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, прокуратура заң талаптарын білмеу азаматты жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл