Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте өрт болған ойын-сауық саябағы бұзылатын болды
Жаңалықтар

Шымкентте өрт болған ойын-сауық саябағы бұзылатын болды

05.02.2025
1 мин
0
106
Сурет: sxodim.com

Шымкентте өрт шығып, үш адамның қаза болуына себеп болған ойын-сауық саябағы бұзылатын болды. Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2011 жылы компания қала орталығындағы саябақтан 4 гектар жерді жалға алған. Алайда келісімшарт бойынша балалар орталығын ашуы тиіс болған кәсіпкер ол жерде “Қиял әлемі” ойын-сауық саябағын салған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соңғы жылдары бұл орында өрт болып, қайғылы оқиға салдарынан екі студент пен тағы бір адам көз жұмды. Осыған байланысты әкімдік компанияның жалдау шартын бұзғанын негізге алып, оны жарамсыз деп тану туралы сотқа шағымданды.

Алғашқы сот инстанциясы мен апелляциялық сот компанияны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруға міндеттеді. Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкімдік саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды компания есебінен бұзып, жерді бастапқы қалпына келтіру туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот отырысында компания аттракциондар мен басқа да құрылыстарды заңнамаға сәйкес ресімдегенін растайтын құжаттарды ұсына алмады.

- Сот жоғарыда аталған жағдайларды, сондай-ақ компанияның жер телімін заңсыз пайдаланғанын ескере отырып, талап арызды қанағаттандырды. Компания рұқсатсыз иеленген 4 гектар жерді ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне келтіріп, босатуы тиіс, – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл