| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында тұрғын үй ауласында ағаш бұтағы құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты. Қайғылы оқиға Елшібек көшесінде болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жаңбырдан кейін жауған қардың салмағынан ағаш бұтақтары сынып, соның бірі аулада жүрген баланың үстіне құлаған. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде дауылды ескерту жарияланған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшіп, қауіпті ағаштарды анықтау және аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.