Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте биыл тағы бір зауытты іске қосу жоспарланған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, «Оңтүстік» индустриялық аймағында металл бұйымдарын өндіретін шағын зауыт салынуда. Жобаны іске қосу үшін инвестор тарапынан 750 млн теңге жұмсалмақ. Зауытта жылына 1 мың тонна өнім шығару жоспарланған. Нәтижесінде, 23 адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ биыл өңірде 155 млрд теңгенің 46 жобасы ашылуы керек. Химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, білім беру, агроөнеркәсіп кешен және басқа салаларда жаңа өндіріс орындары ашылады.
Ал 2024 жылға қарай құрылыс саласында шамамен 2 млрд теңгеге тағы сегіз өндіріс орны ашылады. Ақпаратқа сүйенсек, 2022-2023 жылдары сегіз нысанның ашылуына байланысты қалада 200-ден астам жұмыс орны құрылады.