Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим екі-үш айдан кейін күшіне ентінін мәлімдеді, деп хабарайды Dauletten.kz.
«Президенттің Қытайға сапары аясында келісімге қол қойылған болатын. Алдымен екі ел ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауы керек. Бұл шамамен екі-үш ай айға созылуы мүмкін. Осыдан кейін екі тарап бір-біріне ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлауға тиіс. Осымен Келісім күшіне енеді», – деді Айбек Смадияров.
Министр визасыз режимнің күшіне енетін нақты уақытын айта алмады.
Сонымен қатар, СІМ ресми өкілінің айтуынша, бұл процесс қыс мезгіліне дейін созылмайды. Ол Қазақстан азаматтардың жақын арада екі елге визасыз өзара келуі үшін рәсімдерді жеделдететінін айтты.
фото: bugin.kz