| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы тәулікте кең ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Дегенмен елдің шығыс өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Шығыс облыстардың кейбір бөліктерінде бұршақ түсу қаупі де бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал батыс пен солтүстік облыстарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы бірқатар өңірде жоғары деңгейде сақталады. Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Ұлытау облыстарында күндіз сынап бағаны 35–38 градусқа дейін көтеріледі.
Ең жоғары температура Маңғыстау облысында тіркелуі мүмкін. Мұнда күндізгі ауа температурасы 38–40 градусқа дейін жетеді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында да аптап ыстық сақталып, ауа температурасы шамамен 40 градус болады деп күтілуде.
Сонымен қатар бүгін Астана қаласы мен тағы бес елді мекенде ауа сапасының нашарлауы болжанып отыр.