Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның сөзінше, ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.
Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан.
Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылды, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 келі мефедрон және “альфа-pvp” есірткілері тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.