453.93
508.72
5.35
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Skills Enbek платформасында 9 айда 114,8 мыңнан астам адам онлайн оқудан өтті
Жаңалықтар

Skills Enbek платформасында 9 айда 114,8 мыңнан астам адам онлайн оқудан өтті

09.10.2026
мин
0
52
Сурет: ОКҚ

2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Skills Enbek азаматтарға қосымша білім алып, жұмыс барысында және жұмысқа орналасу кезінде қажет болатын дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Онлайн форматта оқу орталығына бармай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта білім алуға болады. Курстар компьютер арқылы да, Enbek мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.

Қазіргі уақытта платформада 1,3 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген. Платформа жұмысын бастағаннан бері 1,29 млн-нан астам сертификат берілді. Мұнда түрлі ұйымдардың авторлары әзірлеген 565 курс қолжетімді. Оның 60%-дан астамы тегін.

Пайдаланушылар арасында ақпараттық технологиялар, қаржы және бухгалтерлік есеп, әлеуметтік қызмет көрсету, тұрғын үймен қамту және тамақтану саласы, сауда мен қойма, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытындағы курстар жоғары сұранысқа ие.

Оқу курсын аяқтап, қорытынды тестілеуден сәтті өткендер электрондық сертификатқа ие болады. Мәліметтер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жасалған түйіндемеге автоматты түрде енгізіледі. Бұл жұмыс іздеушіге өзінің кәсіби профилін толықтыруға, ал жұмыс берушіге кандидаттың алған білімі мен меңгерген дағдылары туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

Платформа жұмыс іздеушілерге, сондай-ақ білімін жетілдіріп, жаңа құралдарды меңгеруге немесе біліктілігін арттыруға ниетті мамандарға да қолжетімді.

Онлайн оқытуды дамыту арқылы азаматтардың кәсіби білім алуға қолжетімділігі артып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері кеңейеді. Бұл – Министрлік жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Skills.enbek.kz сайтында қолжетімді курстармен танысып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл