441.77
502.38
5.23
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Смартфон қауіпсіздігін күшейтудің негізгі тәсілдері
Жаңалықтар

Смартфон қауіпсіздігін күшейтудің негізгі тәсілдері

29.09.2026
мин
0
50

Қазіргі таңда смартфон күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ол арқылы азаматтар банк қосымшаларын пайдаланып, электрондық поштаға кіріп, әлеуметтік желілерге қосылып, мемлекеттік және басқа да цифрлық қызметтерді қолданады. Сондықтан смартфонда жеке мәліметтермен қатар қаржылық ақпарат та сақталуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сілтеме жасап.

Экранды бұғаттаудың сенімді жолын орнатыңыз: күрделі PIN кодын, құпиясөзді немесе биометриялық аутентификацияны пайдаланыңыз. Қарапайым комбинацияларды, туған күндерді және басқа да оңай болжанатын мәндерді пайдаланбаңыз.

Экранды автоматты түрде бұғаттауды қосыңыз: экранды автоматты түрде бұғаттаудың қысқа мерзімін орнатыңыз. Сондай-ақ бұғатталған экрандағы хабар мазмұнын және басқа құпия ақпаратты көрсетуді өшіру ұсынылады.

Құрылғыны іздеу функциясын қосу: Android үшін Find My Device («Құрылғыны табу»), iPhone үшін — Find My («Локатор»). Функцияның белсенді екенін және есептік жазбамен байланысты екенін тексеріңіз. Бұл құрылғының орналасқан жерін анықтауға, оны бұғаттауға немесе қажет болған жағдайда деректерді жоюға мүмкіндік береді.

Жаңартуларды орнату: операциялық жүйе мен қолданбалардың жаңартуларын уақтылы орнатыңыз. Олар қауіпсіздік осалдықтарын түзетуді қамтуы мүмкін. Мұндай мүмкіндік болса, автоматты түрде жаңартуды қосыңыз.

Қолданбаның рұқсаттарын тексеріңіз: қолданбалардың микрофонға, камераға, геолокацияға, контактілерге, фотосуреттерге, файлдарға, SMS және басқа да функцияларға қолжетімділігін ұдайы тексеріңіз. Қолданбаны іске қосу үшін талап етілмейтін рұқсаттарды ажыратыңыз.

Ресми көздерден қолданбаларды орнатыңыз: Google Play және App Store бағдарламаларын пайдаланыңыз. SMS, мессенджерлер, электрондық пошта немесе беймәлім сайттардан сілтемелер арқылы бағдарламаларды орнатпаңыз.

Қолданбаны төлем алу, банктік шотты қорғау, құжаттарды тексеру немесе техникалық қолдау көрсету деген сылтаумен орнатуды ұсынса, ерекше сақтық таныту қажет.

Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз: электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, бұлттық сервистерді және басқа да маңызды аккаунттарды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қолданыңыз. Негізгі Google немесе Apple аккаунтына ерекше назар аудару қажет, себебі олар арқылы смартфон деректерінің басым бөлігіне рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелі жоғары. Мүмкіндігінше, аутентификатор қолданбасын немесе аппараттық қауіпсіздік кілтін пайдаланыңыз.

Резервтік көшірме жасауды тексеріңіз: маңызды деректерді резервтік көшіру функциясының қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Резервтік көшірмелер сақталатын аккаунт та сенімді құпиясөзбен және екі факторлы аутентификациямен қатаң түрде қорғалуға тиіс.

Сымсыз қосылымдарды бақылаңыз: беймәлім Wi-Fi желілеріне қосылуға және бейтаныс Bluetooth қосылымдарын растауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдалану кезінде құпия деректерді енгізуден және қажеттіліксіз қаржылық операцияларды жүргізуден аулақ болыңыз.

Кеңейтілген құқықтары бар қолданбаларды тексеріңіз: Android операциялық жүйесінде жекелеген қол

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл