Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде өңірде Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері ғана қалған.
Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа санаттарға да біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына – үш адамға 172 500 теңгеден беріледі. Ленинградты қоршауға алған кезеңде жұмыс істеген ардагерге 172 500 теңге төленеді.
Бұдан бөлек, көмек алушылар қатарында ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері (520 адам) мен соғыс кезінде қаза тапқандардың жесірлері (24 адам) бар. Олар 138 мың теңгеден алады.
Фото: aikyn.kz