Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға 7 млн теңге беріледі
Жаңалықтар

Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға 7 млн теңге беріледі

27.12.2025
мин
4
418
Сурет: ЖИ көмегімен

Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілмек, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2026 жылдан бастап бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі – тұрғын үй сатып алуға берілетін біржолғы төлемнің көлемі айтарлықтай артады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ерікті көші-қон тетігі еңбек ресурстарын теңгерімді бөлудің маңызды құралы болып отыр.

- Ерікті түрде қоныс аудару – жұмыс күші артық өңірлерден кадр тапшылығы бар аймақтарға еңбек ресурстарын бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуға да ықпал етеді. Мәселен, ерікті түрде қоныстандыру бағдарламасын іске асырған сәттен бастап қоныстандыру өңірлеріне 66,2 мың адам қоныс аударды, оның ішінде 3,6 мың адам немесе 6% — ы қайтып оралды , – дейді ол.

Министрлік мәліметінше, тұрғын үй нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде қоныс аударушыларға берілетін қаржылай көмектің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылданған.

- Баспана сатып алуға арналған біржолғы төлем көлемі 1 160 айлық есептік көрсеткіштен 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Бұл өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деп нақтылады Асқарбек Ертаев.

Аталған қаражат ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алуға немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл қадам солтүстік өңірлерге тұрақты қоныстанушылар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Ресми деректерге сүйенсек, ерікті қоныс аудару бағдарламасы іске асқалы бері солтүстік аймақтарға 66 мыңнан астам адам көшкен. Қабылданған бейімдеу және интеграциялау шараларының нәтижесінде кері көшудің үлесі барынша төмендеген.

-Қабылданған қолдау шаралары қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне және тұрақтап қалуына оң әсер етті, – деп атап өтті министрлік өкілі.

Сонымен қатар, көші-қон рәсімдерін жеңілдету мақсатында migration.enbek.kz бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылған. Бұл жүйе қоныс аударуға қатысты қызметтерді онлайн форматта рәсімдеуге мүмкіндік беріп, бюрократиялық кедергілерді азайтуды көздейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Г
Гульмира 27.12.2025
Қолдаймын
Жауап беру
С
Сайрамгуль 27.12.2025
Информатика пани мугалими 87475000988 Жетису облысы
Жауап беру
С
Сайрамгуль 27.12.2025
Информатика пани мугалими
Жауап беру
Д
Динара Қали 27.12.2025
Керемет идея, Қолайлы ұсыныстар Пайдалы және тиімділігі мол екен. Мен бір маман иесі болсам ойланбастан көшер едім.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл