Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері мемлекет бюджетінен 46 млн теңгеден аса қаражат ұрлаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Істі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерген. Бұлтартпас айғақтар барына қарамастан, сотта үш айыпталушы жасаған қылмыстарын мойындамаған.
- Мемлекеттік айыптаушылар K., T., Д. алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден аса шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеген.
Петропавл қалалық соты оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.