Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова ата-аналардан терезелерге арнайы бұғаттағыштар орнатып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады, деп хабарлайды dauletten.kz.
«Өкінішке қарай, жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өсуде. Мәселен, қайғылы оқиғалар 2023 жылы - 59, ал 2024 жылдың 4 айында - 14 жағдай орын алған. Бұл қорқынышты сандар құр статистика емес. Әрбір оқиғаның артында үңілетін болсақ алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр. Біз сізден терезелерге арнайы бұғаттағыштарды орнатуды сұраймыз. Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері сенімді жабылғанына және қол жетімді еместігіне көз жеткізіңіз», - деді Насымжан Оспанова.
Ол балаларды әр түрлі оқыс оқиғалардан қорғау үлкен жауапкершілік екенін еске салды.