Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Соңғы жылдары елімізде 148 мыңнан аса неке бұзылған
Жаңалықтар

Соңғы жылдары елімізде 148 мыңнан аса неке бұзылған

22.06.2023
1 мин
0
814

ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында 2019-2021 жылдары елімізде 148 599 неке бұзылғандығын айтқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ажырасу фактілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

Үкімет басшысының айтуынша, «Толық емес отбасылар» санатын «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайтару туралы айтсақ, қазіргі таңда тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр: көп балалы отбасылар (103 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат), мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат), жетім балалар (63 мың азамат).

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санатындағы кезек 75% өскен. (2019ж. – 85,4 мың азамат кезекте болса, 2023ж. - 150,2 мың болған) және олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24%-ына жеткен. Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді. Басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды. Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталынған.

«Баспана кезегінде тұрғандардың, оның толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген:

- республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу;

- жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау;

- кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Отбасы банкі) жарна бойынша 5% жеңілдікпен кредиттеу», - деп жазылған жауапта.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл