Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтарына, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атап айтқанда, педагог-модератор біліктілік санаты үшін лауазымдық еңбекақының 30% мөлшерінде, педагог-сарапшыға — лауазымдық еңбекақының 35%, педагог-зерттеушіге – 40% және педагог-шебер біліктілік санаты үшін — лауазымдық еңбекақының 50% мөлшерінде үстемеақы көзделген.
Елімізде дене шынықтыру және спорт саласының 66 мыңнан астам маманы жұмыс істейді. Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар. Оның ішінде мамандардың шамамен 42%-ы немесе 28 мыңнан астамы ауылдық жерлерде қызмет атқарады.
фото: МСМ баспасөз қызметі