Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейден алынатын "Спутник V" екпесін сатып алуға 16,8 млрд теңге, яғни 40 млн долларға жуық қаржы жұмсау жоспарланған. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Марат Шорановтың айтуынша, екпенің бір бөлігі Ресейден алынатын болса, екінші бөлігі Қарағандыда шығарылады. Желтоқсан айында "Спутник V" вакцинасы бойынша алғашқы сынақтар өткен.
«Бюджет қаражатында жиыны 10 млн азаматты екпемен қамтамасыз етуге бағытталған қаражат қарастырылған. Қаржы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде Ресей вакцинасының 2 млн дозасы бар» , – деді Шоранов.
Ол өз сөзінде Ресейден әкелінетін екпеге 17 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Десе де, екпенің Қазақстан немесе Ресейде шығарылғанына қарамастан бағасы бір болатынын алға тартты. Екпенің жеткізілуіне байланысты баға 20 мен 26 доллар аралығында өзгеруі мүмкін.