Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Спутник V» вакцинасын салдырғандардан «өлім жағдайлары былай тұрсын, ауыр жағдайлар анықталған жоқ» деді Гамалей орталығының басшысы Александр Гинцбург.
Орталық басшысының айтуынша, вакцинаның екінші дозасынан соң адам ағзасында COVID-19-дан қорғайтын антиденелерді аз уақытта жасайтын «жад жасушалары» көптеп пайда болады. Сондай-ақ жоғары иммундық реакция қалыптасады.
Айта кетерлігі, «Спутник V» вакцинасы РФПИ қолдауы арқылы жасалғанымен, Гамалей Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының өнімі. Сонымен қатар, бұл әлемдегі COVID-19-дың алдын алу үшін жарық көрген бірінші тіркелген препарат.
1 ақпаннан елімізде аталған препаратпен вакцинацияның І кезеңі, ал 1 наурызда ІІ кезеңі басталғанын еске саламыз. Ал вакцинацияның ІІІ кезеңі 1 сәуірден жүргізіле бастайды.