Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“СҚ-Фармация” ЖШС-нің жаңа басшысы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды
Жаңалықтар

“СҚ-Фармация” ЖШС-нің жаңа басшысы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды

03.07.2025
1 мин
0
129
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

“СҚ-Фармация” ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Нұрлыбек Әбибуллаұлы Асылбеков тағайындалды. Бұған дейін ол Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасын басқарған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылдың 24 маусымында дүниеге келген. Ол 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкенттегі филиалын, 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — провизор, заңгер және экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы “Фармация” АҚ-да провизор-технолог және бас маман ретінде бастаған.

2002–2020 жылдары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Астана қалаларындағы басқармалары мен департаменттерін басқарған.

2007–2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы қызметін атқарған. Одан кейін түрлі жылдары Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, министрліктің Фармация комитетінде, сондай-ақ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде төраға орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығында бас директордың кеңесшісі болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл