Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әнші Димаш Құдайбергеннің концерттік костюмі қайырымдылық аукционда 2 млн теңгеге сатылды. Қаржы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жолданады.
Аукционды Dauletten қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Қордың әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің костюмін сатудан түскен ақшаны Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекке бағыттауға ниетті екендігі хабарланды.
Димаш Құдайбергеннің концерттік костюмін алматылық брокер Еркебұлан Әріпбай сатып алған. Әнші бұл костюмді ресейлік Алла Пугачеваның мерекелік кешінде киіп, «Любовь, похожая на сон» әнін орындаған.
Қазақстанның 7 жол учаскесінің 3206 метріне су жайылған. Осыған орай 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілген.
«2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарының7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр болатын су тасқыны болды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
«Қазавтожол» хабарлауынша, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында ұзындығы 679 км қозғалысқа шектеу қойылған.
Өңірлердегі су тасқынына қатысты жағдай әлі де күрделі. Су тасқыны басталғалы бері Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 3702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағны, 1822 саяжай үйін су ьасқан. сонымен бірге әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат пен 155 автожолды су басқан. 72 284 адам, оның ішінде 17 217 бала құтқарылып, эвакуацияланған.
«Уақытша орналастыру пункттерінде 14 430 адам, оның ішінде 7 216 бала жеткізілді, 68 932 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. «Жедел желі» телефондарына 1009 қоңырау келіп түсті. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеуде»,- делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, су тасқынына байланысты Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы дайындықты күшейтті. Сәуір айының орта тұсында өзен арнасындағы судың тасуы ең жоғарғы шегіне жетеді деп болжануда. Жайықтың жоғарғы бетінде орналасқан Ресейдің Орынбор облысынан сағатына 3,6 км жылдамдықпен тасқын су ағып келеді. Атырау қаласы жанындағы ескі Сарайшық жұртын сақтап қалу мәселесі де өте өзекті.
Облыста орналасқан Құлсары қаласындағы жағдай туралы айтар болсақ, Жем өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты Құлсары қаласының 2 810 үйін су басқан. Қазіргі уақытта Қызылқоға мен Жылыой аудандарында ахуал күрделі. Қаладағы су тасқыны салдарынан екі адам қаза болған
Ақпарат kz.kursiv.media сайтынан алынды.