Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысы Жаңатілек ауылынан халық жаппай көшіп жатыр. Өйткені ауыл тұрғындары су ішіп отырған жалғыз құдық тартылып қалған. Соның кесірінен жұрт өзен суын тасып ішіп отыр, деп хабарлайды Dauletten.kz 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Май ауданына қарасты Жаңатілек ауылында қазір небәрі тоғыз түтін қалған. Мұндағы тұрғындардың көбі судан таршылық көрген соң, үйін тастап көшіп кетіпті. Кезінде бастауыш мектебі, мәдениет үйі бар кәдімгі елдімекен болған. Қазір болашағы жоқ ауылға айналды дейді тұрғындар.
«Бұл ауыл бір кездері жақсы ауыл болған. Үлкен ауыл болды. Одан кейін мүлдем кейін кетті деуге болады. Ел ыдырап көше бастады. Жұмыс жоқ», – дейді Жаңатілек ауылының тұрғыны Еренғайып Мүбәраков.
Павлодар облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының дерегінше, ауыл халқының 95 пайызына таза ауыз су тартылған. Дегенмен бүгінде 54 елдімекен суға жарымай отыр.