Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Судьяны жемқор деп атаған қазақстандық жазаланды
Жаңалықтар

Судьяны жемқор деп атаған қазақстандық жазаланды

01.11.2024
1 мин
0
273
Сурет: infozakon

Судьяны қорлаған қазақстандық Қонаев қаласында жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облыстық сотында хабарланғандай, ер адам заңсыз құрылыстарды бұзып, жер учаскесін босату жөніндегі азаматтық іс бойынша жауапкер бола отырып, көшпелі сот отырысында төрағалық етуші судьяны сыбайлас жемқор деп атап, талапкердің мүддесін қолдап отыр деп айыптаған.

- Судьяның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, К. жауап бермей, дауысын көтеріп, сот отырысына кедергі келтірген. Осыған байланысты аға сот орындаушысы ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды, - делінген хабарламада.

Сотқа құрметсіздік таныту дерегі бойынша іс Қонаев қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындамай, тек ескерту беруді сұрады. Нәтижесінде оған 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл