Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Басым көпшілігіміз азық-түлік аларда ақшаны жоспарласақ та, төлем жасар кезде чекте басқа соманы көреміз. Айтарлықтай қымбат тауар алмасақ та, неге көп ақша кеткеніне таңқалатынымыз да бар. Бірақ супермаркетте қажет өнімді түрлі айла-тәсілдерге алданбай алудың жолы бар. Азық-түлік алуға барған сайын қалтаңыз бос қайтпай, азық-түлік көлемі көп, шығын аз болғанын қаласаңыз, төмендегі кеңестерді қолдануды ұсынамыз.
Кеңес № 1. Жоғарғы және төменгі сөрелерді қараңыз
Өзіңізге керек затты таңдауда сөрелердің жоғарғы және төменгі жағына қарауды ұмытпаңыз. Көп жағдайда баға айырмашылығы 5 есе болуы мүмкін. Бұл орайда, сіздің тауар таңдауыңызға арнайы маркетологтар мен мерчендайзерлердің жарнамасы әсер етеді. Сол себепті олардың айласына жол бермеңіз. Сөренің ортасындағы күріштің төменгі жақта тұрған күріштен салмағы да, бағасы да әлдеқайда қымбат болады. Себебі маркетологтар бұл әдісті жақсы пайдаланады. Адам өз бойымен тұспа-тұс тұрған тауарды тез таңдайды.
Кеңес № 2. Жеңілдікті ақылмен пайдаланыңыз
Супермаркеттер желісінің жеңілдіктерін пайдаланған жақсы. Десек те, нақты сізге керек, қажетті тауарды анықтап алған дұрыс. Көп жағдайда адамдар жеңілдік деп тұрған затты алуға әуес болады. Шын мәнінде ол тауар жеңілдікпен емес, жарнамасы жақсы жасалған болуы мүмкін, ал бағасы әдеттегіден жоғары. Сондай-ақ жеңілдікті пайдаланғанда тауардың мерзіміне назар аударыңыз.
Кеңес № 3. Себет әлде арба?
Бұл таңдауды қолыңыздағы тізімге сай жасаңыз. Супермаркетке баратын адамдың маңызды қателіктерінің бірі аз тауар аламын деп жоспаралағанымен, арбаны алады. Есесіне ақшасынан желінеді. Себебі арба үлкен болған сайын тұтынушыға алған тауары визуалды түрде аз көрініп, арбада жоспарсыз алынған, қажеті аз зат көбейеді.
Кеңес № 4. Касса жанынан тауар сатып алмаңыз
Барлық супермаркетте дәл кассаның жанында тұрған тауар 20%-ға қымбат. Касса жанынан ала салған ыңғайлы, себебі тура сол жерде ақша есептеп жатқанда бір тәттіні ала кеткіміз келіп тұрады. Десе де, дәл сол шоколад, сағыз, шырынды басқа жерден көретін болсаңыз, 20% айырмашылықты байқайсыз.
Кеңес № 5. Сол жақтан оңға қарай жүріңіз
Көптеген супермаркеттерде және сауда орталықтарында есіктер және жүру бағыты оңнан солға қарай екенін байқаған боларсыз. Бұл арнайы мекемеге келушілер оң бағытта жүріп, оң қолымен саналы түрде көбірек зат алуы үшін ойластырылған. Қымбат тауарлар оң жақта орналасып, көп келушілер бағасы арзанырақ тауарды байқамайды. Сол себепті супермаркетте солдан оңға жүріңіз. Басында сізге ыңғайсыз болғанымен, сіз айырмашылық пен өз бағытыңыздың дұрыс екеніне көз жеткізесіз.
Кеңес № 6. «Арзан тауар» әсеріне жол бермеңіз
Маркетологтар қатты қымбат тауардың жанына бағасы арзан затты қойып қояды. Ал тұтынушы автоматты түрде қымбат тауардан кейін жанындағы 50 пайызға арзан затты көргенде бірден алады. Бірақ тауардың өзіне керексіз екенін кеш түсінеді. Сол себепті «арзан тауар» әсеріне жол бермеңіз.
Кеңес № 7. «Тапшылық» әсері деген де бар
Иә, тапшылық әсері. Сөрелерде тауардың аз тұруы, бітуге таяуы бейсаналы түрде бізге әсер етеді. Сондықтан бағасын салыстырмай, бір емес бірнешеуін алуымыз мүмкін. Нәтижесінде, алған тауарымыздың мерзімі өтіп, пайдаға жарамай қалу ықтималдығы жоғары
Кеңес № 8. Қаптама маңызды емес
Жеміс-жидек, әсіресе өлшенетін тауар алғанда қаптамасына мән бермеңіз. Себебі әр қаптама қосымша ақша екені анық. Оның үстіне жемісті өзіңіз таңдап, жақсысын алғаныңыз дұрыс.
Кеңес № 9. Чекті тексеріңіз
Үлкен супермаркеттерде өте жиі кездесетін жағдайлардың бірі – чек пен сөреде көрген бағаның сәйкес келмеуі. Тіпті көп жағдайда касса қызметкері де тауар штрихкодын шатастырып жатады. Өзіңізді де, өзгені де тексеріңіз.
Кеңес № 10. Төлемді қолма-қол ақшамен төлеңіз
Картамен төлем жасаған кезде адам өзі жоспарлаған сомадан көп қаражат жұмсайды. Сол себепті алатын тауарды алдын ала жоспарлап, қолма-қол ақшамен төлем жасау тиімдірек.
Супермаркетке барарда ол жерде кәсіби маркетологтар, тіпті психологтар жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн. Олар сіздің көбірек ақша жұмсауыңыз үшін түрлі жеңілдіктерді ұсынады. Ал сіз ақшаны ақылмен жұмсай біліңіз. Тауар алуға барарда тамақтанып шыққан жөн. Себебі қарны аш адам бейсаналы түрде жейтін затты көп алып қояды. Сондай-ақ мекеменің түрлі-түсті интерьері, әсем әуен, жеңілдіктер мен дисконтты карталардың да әсері барын ұмытпаңыз.
Тағы көру