Көрсетілген суретті аяқтау арқылы өзіңіздің мақсатыңыз бен болашаққа деген көзқарасыңызды анықтауға болады. Суретке мұқят қарап, теңіз түбін қалай елестететініңізді, сандық ішіне не салатыныңызды бір сәт ойланып алыңыз. Барлығы сіздің қиялыңыз бен шығармашылық қабілетіңізге байланысты.
Егер сіз теңіз түбіне көптеген балықтар мен басқа да тіршілік иелерін салған болсаңыз, сіздің мақсаттарыңыз жаныңыздағы адамдармен тікелей байланысты. Мүмкін сіз көп жағдайда көпшілік арасында болып, өзара сүйіспеншілік туралы ойлайсыз. Достарыңыздың көп болып, әлеуметтік салада қызмет етуді армандайсыз. Сондай-ақ, сіз үшін жақындарыңыз бен достарыңыздың түсінігі мен қолдауын сезіну маңызды.
Егер сіз өсімдіктерді елестеткен болсаңыз, онда сіздің мақсатыңыз рухани саладан болуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл жеке өсу мен өзін-өзі дамытуды білдіреді. Бұл жағдайда бір нәрсені үйренуге, белгілі бір шеберлікті игеруге, бар білімді жетілдіруге деген ұмтылыс басым.
Сіз теңіз түбіне тастарды салған болсаңыз, бұл сіздің арманыңыздың материалдық екенін білдіреді. Мүмкін сіз бірдеңе сатып алуды армандайтын шығарсыз және сол арманыңыз сізге үлкен қуаныш әкеледі.
Егер сіз кемені, қайықты немесе жүзіп жүрген адамды салсаңыз, онда сіз саяхаттауды, әлемді көруді, жаңа әсер алуды армандайтындығыңызды білдіреді.
Сандықтың ішіне салынған зат - сіздің арманыңыздың орындалуына мүмкіндік беретін ресурстар.
Егер сіз сандықтың ішіне көп ақша салған болсаңыз, бұл сіздің жағдайыңызда қаражат мөлшерінің аз немесе жеткіліксіз екенін білдіреді.
Егер сандыққа салған ақша арасында асыл тастар болса, сіз осы уақытқа дейін өзіңізге қанша ақша қажет екенін анықтауға тырыспағаныңыздың дәлелі.
Ал егер сіз зергерлік бұйымдарды сандыққа салып, оларды мұқият суреттеген болсаңыз, онда сізге бойыңыздағы сенімділікті арттырып, әрекетке көшу керек. Себебі сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз.
Рая Менің әкем Ұлы Отан соғысының ардагері ,әкем дүниеден бұрын озып кеткен ,шешем ардагердің семьясы деген жеңілдік болады екен шешем ондац жеңілдік пайдаланбайды ,ауыл әкімшілігі сіз ол үшін соғыс кезінде үйленуіңіз керек ,кейінгі жыл есептелмейді делінген,осы жәйінда аз кем түсіндіре аласыздарма?
Мен теңіз түбіне аздап балдырлар, балықтар ,тастар салар едім. Сандық ішіне алтын тыйындар, бағалы заттар, моншақтар толтырып салар едім. Сандықтың қасына үлкен жыланды салып қояр едім. Мен тауып алғанша ешкім әкетіп қалмасын.
Мен сандықтың ішіне көптеген құнды құжаттар мен бағалы идеяларды салып, аузына құлып салып кілтін жанына қойып қояр едім. Теңіз түбінде балықтармен қоса жасыл балдырлы шөптер, тасбақалар мен ұлулар, ерекше түстегі балықтар болатын еді. Олар әлсін — әлсін теңіздің бетіне қарай жүзіп баратын еді