Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сынып жетекшілердің үстемақылары 30% көбеюі мүмкін
Жаңалықтар

Сынып жетекшілердің үстемақылары 30% көбеюі мүмкін

18.10.2024
1 мин
3
1124
Сурет: mgaps.ru

Қазақстандық мұғалімдердің сынып жетекшілігі үшін үстемақылары 30% көбеюі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. Қазіргі уақытта үстемақыны арттыру мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Балалар арасында буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратын 220 мың педагогты қолдау қажет.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Әбілдина мектепте 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол сынып жетекшілігін қатар алып келеді. Биыл ұстазда бітіруші сынып бар. Ол алты жыл бұрын осы оқушыларды өз қамқорлығына алған. Сынып жетекшісі ретінде бәріне жауапты болу керек екенін мойындайды, дейді Роза Әбілдина.

– Әр баланың тілін табу керек. Ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс іс-шаралар, сабақтан қашатын оқушыларды қадағалау, кейбіреулері ауырса, медпунктке жеткізу. Ата-аналармен байланыс. Сынып жетекшілер екінші ата-ана секілдіміз, - дейді Астана қаласы №81 халықаралық мектептің мұғалімі Роза Әбілдина.

Қазақстандық мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін негізгі жалақының 60%-ы төленеді. Бұл 10 мың теңгеден сәл асады. Барлық салықтық ұсталымдарды ескерсек, педагогтар шамамен 7 мың теңге алады. Сынып жетекшілерінің мәртебесін арттыру мәселесін мәжіліс депутаттары көтерді. Депутаттық сауалға жауап ретінде Үкімет сынып жетекшілігі үшін үстемақыны арттыру мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

– Балалардың деструктивті мінез-құлқын алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшілерінің қызметін жүйелендіру мақсатында олардың қызметі мен біліктілік сипаттамалары қайта қаралуда. Бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін үстемақыны кезең-кезеңмен 30% арттыру мәселесі талқылануда, - деді ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов.

Астаналық мектептердің бірінің директоры мұғалімдерді қаржылай қолдау қажет деп санайды. Нақты сынып жетекшілері балалар арасында буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алуда басты рөл атқарады.

– Сынып жетекшісі – мектептегі жауапты буын, ол тек өз пәнін оқытып қана қоймай, ата-аналарды пән мұғалімдерімен, оқушылармен байланыстырады. Бұл күнделікті көп күш пен уақытты алатын әңгімелер. Сондықтан мұғалімдер жалақысын көтеру мәселесінің қарастырылып жатқаны өте орынды, - деп мәлімдеді Астана қаласы №81 халықаралық мектептің директоры Тоғжан Қартаева. 

Егер мәселе шешілсе, сынып жетекшілері 3 мың теңгеге артық алатын болады. Дегенмен, сөз кезең-кезеңмен көбею туралы болып отыр. Сондықтан жалпы жалақыға үстемақының айтарлықтай әсер етпейтінін мұғалімдер айтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гүлсезім 19.10.2024
3000 мың теңгеге көтеру осыншалыкты мәселе ме? көтерсе 30мынга көтерсін, 3мынга көтеретіндерін 30мындай етті го)
Жауап беру
Г
Гаухар 19.10.2024
10000 болса, 3000 қосыла ма? Көөөп қосыпты ғой. Қайда жаратарымызды білмей отырмыз.
Жауап беру
Г
Гаухар 19.10.2024
10000 болса, 3000 қосыла ма? Көөөп қосыпты ғой. Қайда жаратарымызды білмей отырмыз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл