Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Табысы аз отбасылар ипотеканы қалай рәсімдейтіні белгілі болды
Баспанаға бағыт

Табысы аз отбасылар ипотеканы қалай рәсімдейтіні белгілі болды

27.03.2023
1 мин
3
6144

Алматы қаласы «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты. Журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ол табысы төмен отбасылар қандай ипотеканы ала алатынын айтты. 

«Егер олар жергілікті атқарушы органдар тарапынан баспана кезегінде тұрса, «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына қатыса алады. Бұл бағдарламалар үшін төлем қабілеттілігінен өтудің жеке шарттары бар, мұнда әрбір отбасы мүшесінің шығындары азырақ сомада есептеледі, сондай-ақ бұл бағдарламалар бойынша бастапқы жарна жеңілдетілген және айтарлықтай төмендетілген», - деді Данагүл Түсіпова.

Сонымен бірге, спикер «Отбасы банк» арқылы жастар үшін қандай тиімді мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді екенін айтты. 

«2017 жылдан бастап қаламызда «Алматы жастары» жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол барлық өңірлерде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды.  «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі. Биылғы жылға өзгерістер жоспарланып отыр, енді әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін  хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10%, пайыздық мөлшерлемесі 5», - деп жалғастырды ӨКҚ спикері.

Сондай-ақ Данагүл Түсіпова «Отбасы Банк» банкінде депозит ашқанда қызметкерлер келісім-шарт сомасын, яғни клиенттің болашақта тұрмыс жағдайын жақсарту үшін пайдаланғысы келетін соманы анықтайтынын айтты. Оның ең төменгі құны 500 АЕК, қазіргі уақытта 1 750 000 теңге, ал ең жоғарысы 200 миллион теңгеге дейін. Клиент келісім-шарт сомасының 50% жинауы керек.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
D
Dr. louis 06.04.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60176359983 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
Ж
Жибек 02.04.2023
Калай дакумент тапсырады
Жауап беру
З
Замзагуль Тасболатовна 28.03.2023
Отбасы банк халық үшін жұмыс жасап жатыр. Халықтың баспаналы болуына тиімді жақтары, шарттары қарастырылса өте жақсы болар еді.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл