Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді.
Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді ерекше бақылауға алды.
"Қалалық полиция басшысы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.