Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері үшінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Кадрларда өрт сөндірушінің баспалдақпен үшінші қабатқа көтеріліп, жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кірмек болған сәті бейнеленген. Алайда дәл осы сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, жерге – бетонға құлап түседі. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіруші ес-түссіз жатқан.
– Сатылары да былқ-сылқ етіп тұр. Байқұс баланың бір жері сынды, – дейді видео авторы.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өрт сөндіру қызметінде арнайы техниканың жоқтығын сынға алды.
Қазіргі таңда зардап шеккен қызметкердің жағдайы туралы ресми мәлімет берілмеді. Оқиғаға қатысты нақты мән-жайды жауапты органдар анықтап жатыр.