Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда сары майдың құрамынан қауіпті таяқша табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанның түрлі өңірлерінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық жағдайлар орын алуда. Талдықорғанда майлылығы 82,5% болатын сары майдың құрамынан ішек таяқшасы тобының бактериялары табылды. Зертханалық тексерулер бұл бактериялардың адам денсаулығына қауіпті екенін көрсеткен.
Одан бөлек, Жетісу облысында Ресейден әкелінген "Бабушкина крынка" сүт өнімі мен "Черкизова" шұжығына техникалық регламент талаптарына сай келмегендігі үшін тыйым салынды. Азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты бұзушылықтар тек өңірлерде ғана емес, бүкіл ел аумағында орын алып отырғаны байқалады.
Сондай-ақ Петропавлда "халал" деп сатылған жылқы еті консервілерінен шошқаның ДНҚ-сы анықталған.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті халықтың денсаулығын қорғау мақсатында "Сапалы өнім" жобасын іске қосқан. Бұл жобаның аясында жүргізілген тексерулер нәтижесінде еліміздегі көптеген азық-түлік өнімдері таңбалау талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Мәселен, 83%-дан астам өнімдерде құрамы, өндірушісі, жарамдылық мерзімі туралы ақпарат жоқ немесе ол мемлекеттік тілде берілмеген. Сондай-ақ 43 түрлі өнімнің Қазақстан аумағында сатылуына тыйым салынды.
Осы уақыт аралығында 224 субъектке әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Сапалы өнім" жобасы аясындағы тексерулер тұтынушыларға қауіпті өнімдерден сақ болуға мүмкіндік береді, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің осы саладағы жауапкершілігін арттыруды көздейді. Тұтынушылар өнімнің сапасын мұқият тексеріп, сатып алудан бұрын оның құрамын, өндірушісін және жарамдылық мерзімін назарға алғаны жөн.