Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
16 жасында қыршыннан кеткен Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қоғам белсендісі Саида Тәукелева Instagram-да жариялаған видеода әйел адам мұрқұм Шерзаттың отбасының баспанасына әдейі өрт қойылған болуы мүмкін екенін айтты. С.Таукелеваға қайғыдан қан жұтып отырған жанұяның туыстары үйдің күлге айналғанын хабарлап айтқан.
Түнде, бірнеше сағат бұрын маған жәбірленушілердің туыстары хабарласып, Талғардағы мектеп оқушысы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің үйі өртеніп кеткені туралы қорқынышты хабар жеткізді. Адамдар аман. Өртегендердің ниеті қандай болғанын ойлаудың өзі қорқынышты, - деп жазды Саида Таукелова өзінің Instagram парақшасында.
Алматы облысының полициясы аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
- 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Бөтен мүлікті қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сонымен қатар бейнебақылау камераларының жазбалары да қаралуда, - деді облыстық ПД.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шерзаттың отбасы оқиға болған күннен бастап тұрғылықты жері бойынша күзетпен қамтамасыз етілген.