Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ өкілдері Талғарда Шерзат Болат ажал құшқан түні түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кадрларда Шерзатты өлтірді деген күдіктінің екі бөтелке сыра мен төрт қорап темекіні қалай сатып алғаны көрсетілген. Аударым арқылы тауардың ақшасын төлейді. Күдікті кейін дүкенге қайта келіп, телефонын қуаттап беруін сұраған. Шамалы уақыттан кейін ол телефонын алу үшін дүкенге қайта келген. Төбелес сыртта басталған.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовтің сөзінше, жеті күдікті, одан соң тағы 3 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алынған айғақ заттар бойынша сараптамалар тағайындалып, олардың қорытындысы тергеу барысында тағы да жарияланады.
Талғар ауданындағы қылмысты тергеу барысы.
Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы облысының прокуроры Берік Адамов та пікір білдірді.
- Кәмелетке толмаған Болат Шерзаттың ісі бойынша тергеу қарқынды жүріп жатыр. Біздің тарапымыздан тергеу шараларының заңдылығы мен толықтығы объективті қадағалау қамтамасыз етіліп жатыр. Тергеу сатысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ, - деді Берік Адамов.
Сонымен қатар Адамов Шерзаттың отбасының үйі өртенгеніне қатысты тың деректер айтты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт сырттан басталған. Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылған.
- Біз сондай-ақ өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерден маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адам сұралды. Шығын көлемі анықталып жатыр, - деді Берік Адамов.