Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс Қылмыстық кодексте қарастырылған бес бап бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің мәжіліс депутаттарына жолдаған жауабында айтылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Талғар қаласында болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық), 115-бабы (Қорқыту), 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (Қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеп жатыр, - делінген министр жауабында.
Сондай-ақ ол қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауда отырғанын айтты. Сәденов тергеу жүріп жатқанын, тергеу барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
- Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты, ішкі істер органдары мемлекет басшысының еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларын орындау аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кешенді шаралар атқарып жатыр, - делінген министрдің депутаттар сауалына берген жауабында.