475.38
547.73
5.93
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Тәтті" ұрлық: Жетісуда ер адам бір ай бойы дүкеннен шоколад ұрлап жүрген

03.08.2026
мин
0
156

Жаркент қаласында полицейлер ұрлық дерегін ашты. Бұл жолы күдіктінің басты олжасы ақша немесе қымбат техника емес, шоколад болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінің өкілі жүгініп, дүкеннен шоколадтардың жүйелі түрде жоғалып жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында қауіпсіздік қызметі бір ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге тұрақты келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына жасырып, төлем жасамай шығып кететінін анықтаған.

Тексеру барысында күдіктінің бірдей тәсілмен әрекет еткені белгілі болды. Ол дүкенге кіріп, айналасындағылардың назарын бақылай отырып, шоколадтарды жеке заттарына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткен. Арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, осы әрекетін қайталаған. Кей күндері осындай “рейдті” 5-6 рет жасаған.

Бір ай ішінде сауда орталығынан барлығы 625 дана шоколад ұрланған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл