Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тауар да, ақша да жоқ: алаяқтар қандай әдіске көшкен
Қаржылық сауат

Тауар да, ақша да жоқ: алаяқтар қандай әдіске көшкен

10.06.2020
3 мин
13
3280

Интернет қолданысы кеңейген сайын алаяқтарға алданып қалатындар саны артып жатыр. Алдау жолдары да күн санап түрленіп, көбейіп келеді.

Криминалдық полиция департаменті Кибер қылмысқа қарсы күрес орталығының мәліметіне сәйкес, жыл сайын онлайн алаяқтықтың өсу көрсеткіші төмендегідей.

Жыл

Қылмыс саны

2017

2046

2018

4287

2019

7000

Онлайн жасалатын қылмыс саны жыл сайын еселеніп келеді. Бірақ бұл көрсеткіш тиісті органдарға шағымданғандардың ғана үлес салмағы екенін ескеру керек. Шағым түсірмегендері тіптен көп.

Интернет алаяқтықтан қорғану үшін оның қандай түрлері барын және қылмыскерлердің қалай әрекет ететінін түсіну қажет. Сондықтан онлайн алаяқтықтың елімізде ең тараған түрлеріне тоқталып өтейік.

Пандемия уақытында интернет-дүкендерге деген сұраныс бұрынғысынан да артқаны анық. Сәйкесінше, тауарларды сатумен байланысты алаяқтық та белең алуда. Мұндай алаяқтар құрбандарын тауарға төмен баға қоюмен қызықтырады. Оны жеңілдік немесе қалдықтарды сату деп түсіндіруі мүмкін. Кейіннен төлемді банктік карта немесе электронды әмиянға ақша аудару арқылы жасауды сұрайды. Содан соң бірнеше күнде келуі керек тауарыңыз да, ақшаңыз да, тапсырыс берген адамыңыз да көзден бұлбұл ұшады. Мысал ретінде жақында Instagram желісінен орын алған декреттегі ананың жағдайын айтуға болады. Аталған әлеуметтік желіде интернет-дүкені бар жас ана Ресейдегі аяқкиім дүкенінен 206 мың теңгеге тапсырыс берген. Ақшаны аударған соң, дүкен иелері екі күн тауарды жібереміз деп сендірген. Ал үшінші күні тапсырыс берушінің жазғандарына жауап бермей, оны блоктап тастаған. Тапсырысын күтуші парақшасын блокқа салған соң ғана алаяқтарға тап болғанын түсінген.   

Алаяқтар адамдарды арзан бағада көлік, пәтер сату туралы жарнама қою арқылы да алдайды. Өзінің шетелде не өзге қалада екенін айтып, кепілдік ретінде шот ашуды сұрайды. Шот әдетте Unistream, Western Union сияқты халықаралық төлем жүйелерінде ашылады. Клиент келісілген сомманы шотқа аударып, чекті суретке түсіріп жібереді. Ал алаяқ төлем нөмірі мен есеп иесінің атына жасалған жалған құжаттарды пайдаланып, шоттағы ақшаны иемденеді. Осыған ұқсас мысал ретінде желіде кең тараған жағдайды келтірейік. Бір адам көлігін сату үшін сайтқа хабарландыру береді. Кейіннен оған біреу хабарласып, хабарландырудағы көлігі ұнап тұрғанын, бірақ өзі Ресейде екенін айтады. Қазақстанға бару бірнеше күнді алатындықтан, ол келгенше көлігін басқаға сатпас үшін 100 мың теңге кепілақы беруді ұсынады. Сатып алушының тез табылғанына қуанған көлік сатушы еш ойланбастан банк картасының нөмірін бейтаныс адамға жібереді. Кейіннен сатып алушы қайта телефон шалып, ақша аударғанын айтады. Ақша түсу үшін телефонға келген хабарламадағы сандарды айтуын өтінеді. Кодты айтқан көлік сатушы алаяқтың құрығына түседі. Себебі алаяқ код арқылы оның интернет-банкингіне кіріп, кез келген операцияны орындай алады.

Жоғарыда аталған жағдайларға тап болмас үшін:

  1. Интернет-дүкендерінен тауар сатып алмас бұрын сол тауарды сатып жатқан сайт немесе парақшаның жалған емесіне көз жеткізу керек. Ол үшін алдымен мекенжай мен телефондарын қараймыз. Бар болса, хабарласып, сатушымен сөйлесу қажет. Сол жерден бұрын тауар алған адамдардың пікіріне де аса мән беріңіз. Интернет-дүкен туралы максималды түрде ақпарат алуға тырысыңыз. Шотқа ақшаңызды дүкенді жан-жақты тексерген соң ғана салуға болады;
  2. Еш уақытта жеке басыңызға да, банк картасына да қатысты ақпаратты, телефоныңызға келген кодты, логин мен пароль сияқты құпия мәліметті күмәнді әрі бейтаныс адамдарға жібермеңіз.
  3. Алғаш тапсырыс берген, бұрын ол жерден тауар алып көрмеген жағдайда байланыс нөмірлері арқылы дүкенде жұмыс істейтін қызметкерлерге хабарласып, төлемді тауарды мекенжайға жеткізгеннен кейін ғана қолма-қол беретініңізді ескертіңіз. 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
13 Пікір
Р
Роза 12.06.2020
Көп рахмет. Алла разы болсын сізге!
Жауап беру
А
Айгерим 11.06.2020
Мен мебельге заказ бергем 1 жылдан асты али жок. Сойтсем ол тек мени емес бираз адамды алдап жур екен. Акшасын 100% алдын ала алып кунде ертенмен жур. Сотка берем десек те коркатын тури жок. Кенес беринизши не истеуге болады?
Жауап беру
Г
Гулсим 11.06.2020
мен онлайн товар алайын деп журсем оптом ойланып калдым негизи озимде коркып жургем жиберуге
Жауап беру
Б
Бакыт 11.06.2020
Жаксы акпарат Рахмет сизге.
Жауап беру
У
Улпаш 11.06.2020
Керемет миымызға шегелеп қоюымыз керек екен
Жауап беру
С
Самал 11.06.2020
Өте пайдалы ақпарат. Көп рахмет
Жауап беру
М
Мейрамкул 10.06.2020
AMANAT HOME. AMANAT DRIV туралы не айтасыз.Уй алып берем.машина алып береміз деп жур гой
Жауап беру
С
Салтанат 10.06.2020
Оте пайдалы акпарат
Жауап беру
А
Айгул 10.06.2020
Рахмет
Жауап беру
А
Айнур 10.06.2020
.
Жауап беру
Г
Гулден 10.06.2020
Рахмет, шынымен де алаяктар көп екен
Жауап беру
Д
Дария 10.06.2020
Менде алданып калдым раскруртка деп алдап акшамды алгансон жок
Жауап беру
Н
Назерке 10.06.2020
Аңқау елге арамза молдалар көбейіп кетті
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл