Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды. Жобаға құжаттарды қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталмыш гранттарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 жобаға 3 млн теңгеден беруді Мемлекет басшысы ұсынған. Жоба мақсаты - ғылым, медиа, бизнес, мәдениет және IT саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарға қолдау білдіріп, өз жобасын дамытуға мүмкіндік беру.
Грант конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Өтінімде:
Грант жеңіп алған адам үш айда бір рет жобаның іске асырылу барысы туралы уәкілетті органға есеп ұсынады. Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаржысының мақсатты пайдаланылуын қадағалайды.
Егер жеңімпаз грантты мақсатты түрде пайдаланбаса, уәкілетті орган одан грант ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Грант алушы қаражатты уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайтаруға тиіс. Белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес өндіріп алынады.
Үміткерлердің өтінімдері Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс нөмірлері: 8 7172 74-05-25, 8-705-822-33-33.
Тағы көру