Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Жастар 3 миллион теңге грантқа ие болды
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Жастар 3 миллион теңге грантқа ие болды

20.12.2023
1 мин
1
307
Фото: gov.kz

Бүгін Астанада бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жоба авторларына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас қазақстандықтардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Грант аясында 63 адам өз жобасын Қазақстанда ғана емес шетелде де түрлі салаларда табысты жүзеге асыруда.

Министр Аида Балаева салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтады.

«Біз үлкен өзгерістер дәуірінде өмір сүрудеміз. Жастарға дұрыс таңдау жасау, сенімге лайық азамат болу, өзін-өзі дамыту, оқу және еңбек арқылы табысқа ұмтылу сияқты  ең маңызды жауапкершілік жүктелген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дамуына, оларға  жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөледі. Бар үмітіміз - еңбек пен білімнің жолымен жүретін, адамдық қадір-қасиеттің мәнін терең түсінетін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін жастарда.

Бүгінгі берілген грант - сіздердің табандылығыңыз бен талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыздың, қоғам үшін маңыздылығыңыз бен өз әлеуетіңізді мойындауыңыздың сыйы. Бұл құрмет одан әрі даму мен ынталануға жетелесін. Әрбір қадамдарыңыз жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға жол ашып, шығармашылық, ғылыми, іскерлік идеяларыңыз еліміздің дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік берсін. Сіздер  Қазақстанды бұдан да зор көркейтетіндеріңізге сенемін!»,- деп құттықтаған министр үздік жобалардың 30 авторына 3 миллион теңгеден грант сыйлығын тапсырды.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 5 бағыт бойынша 3000-нан астам өтінім түскен. Олардың қатарында Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, IT саласындағы ғылыми зерттеулерді, стартаптар мен жобаларды, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған жобалар бар.

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша 6 гранттың бірін ұтқан Арайлым Сатмұхамбетова бұл жобаның үлкен мүмкіндіктер сыйлағанын айтады.

«Біз бұл жоба туралы биыл ғана хабардар болдық. Естіген бойда командамызбен қатысуға бел байладық. Бүгін халыққа, елімізге пайдалы ұсыныстары бар жастарды көріп шын қуандық. Тәуелсіздік ұрпақтарының қолдауымен біз өз жобамызды бір жыл ішінде толық дайындап үлгереміз деп ойлаймын. Жастарды қолдайтын осындай гранттар көбейсе, экономикамыз да, әлеуетіміз де біршама жақсарар еді деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 1992 жылдан бастап дәстүрлі түрде ғылыми, шығармашылық, креативті қызметпен айналысатын, сондай-ақ спорт саласында жетістіктері бар жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы беріледі. Сонымен қатар қазақстандық жас жазушылар мен ақындар Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері атанса, дарынды ғалымдар Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Х
Ханым 21.12.2023
Ол Жобалар несімен үздік атанды? Тақырыбын жазу керек, пайдасын ел көретін жоба болса, неге ашық жарияламайсыңдар? Байқаудың адал өткеніне көз сонда ғана жетеді. Ашықтық қайда?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл