Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді
Жаңалықтар

Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді

11.08.2025
1 мин
1
838
Сурет: ашық дереккөз

Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында 2025–2026 оқу жылына қазақстандықтар үшін Тәжікстан жоғары оқу орындарында 100 грант бөлінді. 

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram каналында мәлімдеді.

Бөлінген орындар:

 •    бакалавриат – 70;

 •    магистратура – 20;

 •    үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру – 10.

Оқу тілі – тәжік немесе орыс тілі. Грантқа тегін оқу, ай сайынғы стипендия және медициналық қызмет көрсету кіреді. Көлік және тұру шығындарын студент өз есебінен өтейді.

Құжаттар 2025 жылғы 12 тамызға дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты жадынамадан көре аласыз.

Құжат тапсыру бойынша жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
ЖОО тізімі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Л
Ляззат 11.08.2025
Магистратура туралы қайдан білуге болады ертең бір күн соңғы екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл