Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жаңа мереке - Тазы мен төбет күні пайда болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 қыркүйекті тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні етіп бекітетін жобаны жариялады.
– Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, "Жеті қазына" бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қырағы қорғаушысы. Бұл тұқымдар біздің тарихымызбен байланысты және олардың шығу тегі ғасырлар қойнауынан бастау алады, - делінген министрліктің құжатында.
Құжатты жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 17 ақпанға дейін жалғасады.