Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Technowomen Қазақстан» үкіметтік емес ұйымы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды да қолдауға шешім қабылдады. Қоғам белсенділері апат аймағында қалған аймақтардағы балаларға қашықтықтан оқытуды жалғастыру үшін планшеттер, ұялы телефондар және модемдер түрінде материалдық көмек жинауды жариялады.
Сонымен қатар, 17-19 сәуір аралығында «Астана» АХҚО-да өтетін «TECHNOWOMEN СENTRAL ASIA: AI FUTURE» халықаралық форумында гуманитарлық жиын жарияланады.
«Іс-шараның үш күнінде көп күтілетін қатысушыларымыздың көмегімен біз қаражат жинап, оларды зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағыттай аламыз деп үміттенеміз. Сондай - ақ, форумда катаклизмді бақылау, атап айтқанда, жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың көмегімен су тасқынын бақылау тақырыбында пікірталас өткізу туралы шешім қабылдадық», - деді Қазақстанның «TechnoWomen» КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева.