Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов осы жылдың қыркүйегінде теңге бағамына қандай жағдай әсер еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Пірматовтың айтуынша, қыркүйек айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,9 пайызға әлсіреп, бір доллар 476,53 теңгені құраған.
«Теңге бағамына, сондай-ақ дамып келе жатқан нарықтардың валюталарына қысым АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ақша-несие саясатын белсенді түрде қатаңдатуы, АҚШ долларының жаһандық нығаюы, геосаяси қақтығыстардың шиеленісуі аясында жалғасып жатыр» - , деді Ғалымжан Пірматов.
Сондай-ақ, ол икемді валюта бағамын қалыптастыру валюта нарығының тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға көмектесетінін атап өтті.