Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Tengri Bank лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, банктің қаржылық жағдайы төмендеген.
"Банктің қаржылық жағдайының күрт төмендеуі несие портфелімен байланысты. Проблемалық кредиттердің негізгі бөлігі банктің қазақстандық акционерлерімен байланысты тұлғаларына 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде берілді. Олардың үлесіне Tengri Bank несие қоржынының 58 проценті тиесілі.
Несие портфелінің 83 процентін құрайтын қайтарылмайтын қарыздардың жоғары үлесі қаржы институты активтерінің сапасының нашарлауына әкелді.
Ағымдағы жалдың наурыз айынан бастап Tengri Bank төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындамаған.
Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болмауы және мажоритарлық және миноритарлық акционерлер арасындағы жалғасып жатқан ішкі корпоративтік даулар қаржылық жағдайдың ушығуына алып келді", - делінген хабарламада.
Агенттік өкілдерінің мәліметінше, салымшының шетел валютасындағы депозиттері бойынша өтемақы төленеді. Депозиттер бойынша кепіл берілетін өтемақы сомасынан асатын қалдықты банктің тарату комиссиясы өтейтіні айтылады, ол таратылатын банктің кредиторлары тізілімінің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тағайындалады.