Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі «TikTok» желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы мониторингі осы күнге дейін онлайн құмар ойын ұйымдастырған 100-ден астам аккаунтты анықтаған.
«Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады», - дейді агенттік мамандары.
Қаржы мониторингінің дерегіне сүйенсек, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының екі тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
фото: Ашық дереккөз