Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Төл теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл
Жаңалықтар

Төл теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл

15.11.2023
1 мин
0
633
Фото: bizmedia.kz

Биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл. Төл теңгеміздің тарихы сонау 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.

"Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Сауық Темірбекұлы Тәкежанов – Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының және "Құрмет" орденінің иегері.

Күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңге­нің тұңғыш келбеті бүгінде музейлерде сақтаулы.

Естеріңізде болса, бір теңгелік банкнотта Әбу Насыр әл-Фарабидің, үш теңгеде – Сүйінбай Аронұлының, бес теңгеде – Құрманғазы Сағырбайұлының, он теңгелік банкнотта – Шоқан Уәлихановтың, жиырма теңгеде – Абай Құнанбайұлының, елу теңгеде – Әбілқайыр ханның, ал жүз теңгеде Абылайханның портреттері болған. 90-шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды.

2015 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық валютаның айналымға енгізілгеніне 20 жыл толуына орай номиналы 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығарылды.

Бүгінде төл теңге қолданысқа енгелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, ол тұғыры биік мемлекеттің, ел егемендігінің символы болып қала бермек. Жыл сайын атап өтілетін Ұлттық валюта күні осыған дәлел.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл