Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сонымен қатар, Президент жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болу керектігін айтты.
«Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», - деді
Бүгінде жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінген. Қаражат аймақтарға бөлініп, қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталуда.
«Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек», - деді Тоқаев.