| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 3 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыланды. Ведомство дерегінше, елде қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға төмендеген. Құқықбұзушылықтардың барлық негізгі санаттары бойынша азаю байқалып, қылмыстардың ашылу көрсеткіші артқан.
Интернет-алаяқтық деректері де қысқарып, оның ішінде аккаунт бұзу, жалған онлайн-ресурстар мен қарыздарға байланысты қылмыстар азайған. Сонымен қатар 3,6 млн-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, 3 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген.
«Таза Қазақстан» аясында жүздеген мың құқықбұзушылық анықталып, мыңдаған заңсыз қоқыс орындары жойылған. Министрлік профилактикалық жұмысты күшейту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу, қылмыстарды ашу мен тергеу сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берген.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау, өтініштерге жедел әрекет ету және мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.