Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев АЭС-ті кім салу керек деген сұраққа жауап берді
Жаңалықтар

Тоқаев АЭС-ті кім салу керек деген сұраққа жауап берді

06.10.2024
1 мин
0
926
Сурет: Pinterest.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын кім салуы керек деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді, одан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Құрметті журналистер, бүгін – еліміз үшін тарихи сәт. Халқымыз атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысып, дауыс берейін деп отыр. Бұл референдум – тікелей демократияның айқын көрінісі. Бүгін қабылданатын шешім мемлекеттің болашағына әсер етіп, ел тағдырына ықпал ететін түпкілікті байлам болмақ, – деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан оң нәтиже күтетінін хабарлады.

Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде бүгінгі референдум тағдыршешті маңызға ие, ал болашақта осындай демократиялық оқиғалардың саны артқан сайын, халқымыз үшін тек жақсылық болары сөзсіз. Себебі еліміз осындай маңызды мәселелерге өз даусын беру арқылы шешім қабылдап жатыр. Мен референдумды қолдаймын, – деп атап өтті.

Сондай-ақ "АЭС-ті кім салады?" деген сұрақ та талқыланды. Президент бұл мәселеде үкіметке нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін  айтты.

Үкімет сараптама жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі қажет. Менің жеке пікірім бойынша, Қазақстанда ең озық технологияларды қолданатын әлемдік деңгейдегі компанияларды біріктіретін халықаралық консалтингтік топ жұмыс істеуі керек, – деді Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл