Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жеделхатта Франция халқын Бастилияны алу күнімен шын жүректен құттықтап, Францияның қазіргі таңда саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.
Президент Тоқаев француз халқына өсіп-өркендеу мен игілік тілеп, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне назар аударды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы Эмманюэль Макронның үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.