Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды кеңейту және тереңдету туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, Президент “Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы” заңға қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған заң жобасын қарастырған болатын.
Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Атап айтқанда, жоғары және жоғарғы деңгейдегі кездесулер механизмін жетілдіру, саясат пен қауіпсіздік салаларындағы үйлестіруді арттыру, тұрақты пікір алмасу және халықаралық, өңірлік маңызы бар мәселелер бойынша ұстанымдарды келісу жоспарланған.
Шарт аясында тараптар саяси, әскери, экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, су-энергетика, ғылым, білім, мәдениет және гуманитарлық бағыттардағы әріптестікті тереңдетуге мүдделілік білдіріп отыр.
Құжатта қауіпсіздік саласына айрықша көңіл бөлінген. Екі мемлекет терроризммен, экстремизммен, трансұлттық және киберқылмыспен, сондай-ақ есірткі айналымының заңсыз түрлерімен бірлесіп күресуге әзір екенін атап өткен.
Сонымен қатар, шарт Қазақстан Парламенті мен Қырғызстанның Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде Парламентаралық кеңес шеңберіндегі өзара байланысты нығайтуды көздейді.