Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Қытайға ресми сапар жасайды, - деп хабарлады Dauletten.kz.
Сапар барысында екі ел арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту және нығайту мәселелері талқыланады.
Бағдарлама аясында:
• 31 тамыз – 1 қыркүйек— Мемлекет басшысы Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» форматындағы жиынға қатысады.
• 2 қыркүйек— Президент Бейжіңде Қазақстан – Қытай Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың жетекші компанияларының өкілдерімен кездеседі.
• 3 қыркүйек— Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.