Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Астанада өткен Astana Think Tank Forum пленарлық отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінің басында Халықаралық Астана форумының аясында құрылған осы диалог алаңы ең өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша ой бөлісуге арналғанын атап өтті.
Президент Тоқаев Қазақстанның орташа мемлекеттердің үнін халықаралық форумдарда, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қорғауды жалғастыратынын атап өтті.
- Біз инклюзивті және тұрақты халықаралық жүйені көргіміз келеді. Мемлекеттер, олардың көлеміне қарамастан – кіші немесе үлкен болсын, жақсы әлем құруға өз үлесін қосуға мүмкіндігі болуы тиіс. Қазақстан әлемдік аренада белсенді рөл атқаруды жалғастыруға дайын. Біз дипломатия, экономикалық ынтымақтастық және көпжақты басқару тоғысында тұрмыз. Біздің әріптестеріміз бен серіктестерімізбен бірлесе отырып, біз болашақ әлемді айтарлықтай қалыптастыра аламыз. Біз өзгеріп жатқан халықаралық тәртіпте жай бақылаушы болып қалғымыз келмейді, керісінше, теңдестірілген, әділ және тұрақты жаһандық жүйенің архитекторлары болуға ұмтыламыз, – деді Президент Токаев.
Осы контексте Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу туралы пікірін білдірді.
- Мен канцлер Шольцпен кездесуде айтқанымдай, Ресей әскери тұрғыдан жеңілмейді. Бұл факт, оны Ресейдің әскери әлеуеті, халықтың президент Путиннің саясатын қолдауы және тарих растап отыр. Сондықтан біз бейбіт шешім іздеу қажеттігін көріп отырмыз және барлық мемлекеттердің, оның ішінде Қытай мен Бразилияның шынайы жоспарларын қолдаймыз. Басқа жол жоқ. Балама – бұл бір-бірін қырып-жоятын соғыс. Кейбір әлемдік күштер бұған қызығушылық танытуы мүмкін, бірақ бұл – тұңғиыққа апаратын жол. Бейбітшілікке конструктивті келіссөздер арқылы ұмтылу әлсіздік белгісі емес, стратегиялық ақылдылықтың көрінісі, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.